Бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың лимиттелмейтін жануарлар түрлерін алып қою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 7 қазандағы № 257 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың лимиттелмейтін жануарлар түрлерін алып қою қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
А. Куантыров |
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2026 жылғы 7 қазандағы
№ 257 бұйрығымен
бекітілген
Бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың лимиттелмейтін жануарлар түрлерін алып қою
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер