«Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығы (2018.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығы

(2018.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017.30.11. № 826 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 1-тармағының 26-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiліп отырған Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

537 бұйрығымен бекітілген

 

 

Ішкі су жолдарында жүзу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

2. Кемелердің қозғалысы және маневр жасау тәртібі

1-параграф. Жалпы шарттар

2-параграф. Суығыстырым кемелерінің айырылысуы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.