(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛ...

Осы редакция 2025 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрінің

2024 жылғы 4 желтоқсандағы

№ 550 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік басқару

 кодексі

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Білім туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына сәйкес әзірленген және «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) ішіндегі және басқада мүдделі тараптармен қарым-қатынасын корпоративтік басқару тәсілдерін айқындайды.

2. Осы Кодекстің мақсаттары Қоғамдағы басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету және оның өз қызметін жүзеге асыру кезінде тиісті корпоративтік басқару стандарттарын ұстануға міндеттілігі болып табылады.

3. Осы Кодексте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Жалғыз акционер - Қоғамның жоғарғы органы - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

2) әріптестер - өнім берушілер және мердігерлер, бірлескен жобалардағы әріптестер;

3) басқарма - алқалық орган ретінде әрекет ететін Қоғамның атқарушы органы;

4) даму жоспары - Қоғамның бесжылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

5) Қоғамның даму стратегиясы/бағдарламасы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мақсаттарын, басымдықтары мен даму стратегияларын айқындайтын және орта мерзімді сипатта болатын құжат;

6) Директорлар кеңесі - Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен оның мүшелерін сайлау арқылы қалыптасатын, Қоғам мен басқарманың қызметін жалпы басқаруға және бақылауға жауап беретін Қоғамдағы басқарушы орган;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.