Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын корпоративтік басқарудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 550 бұйрығы
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағына және 36-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.
4. Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті осы бұйрықты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | С. Нұрбек |
Ғылым және жоғары білім министрінің
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 550 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
корпоративтік басқару кодексі
1 тарау. Жалпы ережелер