«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығы (2026.17.01. берілген өзгерістермен)

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығы

(2026.17.01. берілген өзгерістермен)

 

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025.02.07. № 165-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025.26.12. № 334-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшін);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, каналдар арқылы су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылмайтын тұтынушы үшін) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.