«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 334-НҚ бұйрығы

«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 334-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35972 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшін);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, каналдар арқылы су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылмайтын тұтынушы үшін) бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларды осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.