«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № А-6/261 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-5/185 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № А-2/41 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № А-6/261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4868 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 шілдесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындауын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Кулагин |
2016 жылғы 21 сәуірдағы
№ А-5/185 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5маусымдағы
№ А-6/261 қаулысымен
бекітілген
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.