«Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 875 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 478 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында:
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстыруға және таратылуға жатады.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев
2018 жылғы «__» ___________
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 875 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 478 бұйрығына 1-қосымша
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу жоспарланып отырған аумақтардың географиялық
координаттары