Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 478 бұйрығы
(2019.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 262 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 60-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Р.Н. Баймишев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күшіне енеді.