«Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 262 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 478 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрыққа 2-қосымшада «Аукцион арқылы лицензия беру үшін жер қойнауы учаскелері аумақтарының тізбесі» кестесі мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: