Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 582/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 111/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы» 2023 жылғы 27 қарашадағы № 582/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңестің құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ж. Мәдиев |
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2025 жылғы 13 наурыздағы
№ 111/НҚ бұйрығына
қосымша
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңестің
құрамы
| Римма Адхамовна КОЙШУБАЕВА | - | «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК (бұдан әрі - «ҰГКАО» РМК) бас директорының кеңесшісі (келісу бойынша), салалық кеңестің төрағасы; |
| Мәлік Серікұлы ОЛЖАБЕКОВ
| - | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, салалық кеңес төрағасының орынбасары;
|