Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығы
(2020.07.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрінің
міндетін атқарушы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2007 жылғы»27 желтоқсандағы
№ 661 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық
ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі
1. Осы Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) арасындағы халықаралық ынтымақтастықты іске асыру тәртібін белгілейді.
2. Халықаралық ынтымақтастықты іске асыру мақсатында білім беру ұйымдары үшін мынадай негізгі міндеттер айқындалған:
1) білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективті жоспарын дайындау;
2) білім беруді дамытудың негізгі әлемдік үрдістері туралы талдау материалдарын зерделеу және құру, ақпарат жинау;
3) шетелдік әріптестермен білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеу, жасасу және іске асыру;