«Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 636 бұйрығы

Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 636 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 102-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 28 қазандағы

№ 636 бұйрыққа қосымша

 

 

Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою

қағидалары

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 102-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бизнес сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлғаға (филиал және өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерге берілетін бірегей нөмір;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.