«Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығы (2025.17.08. берілген өзгерістермен)

Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығы

(2025.17.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.29.07. № 296 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

2024 жылғы 27 маусымдағы

№ 249 бұйрығымен бекітілген

 

Нысан

 

 

Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы

№ ___ акт

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.