Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-39 бұйрығы
(2025.19.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 1-тармағының екінші бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналасуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы |
С. Исабеков |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-39 бұйрығына
қосымша