Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
«Келісілді»
Республикалық нотариаттық
палатаның төрайымы
2013 жылғы __ тамыз
Ә.Б. Жанәбілова
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 19 тамыздағы
№ 275 бұйрығымен бекітілген
Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі
үшін ақы төлеу туралы
қағидасы
1. Негізгі ережелер
1. Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің осы қағидасы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Тағылымдамадан өтушілер жеке практикамен айналысатын нотариустерде немесе мемлекеттік нотариустерде тағылымдамадан өту туралы шарт негізінде тағылымдамадан өтеді.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.