«Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 28 шілдедегі № 205 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасы:
реттік нөмірі 31-жол, алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы, реттік нөмірі 61-1- жолмен толықтырылсын:
«
»;
реттік нөмірлері 92 және 93-жолдары, мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
реттік нөмірі 102-жол, өзгеріс орыс тілінде енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірлері 104 және 105-жолдары, мынадай редакцияда жазылсын: