Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы
(2019.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары әскери киім нысанының ескі үлгілерін кию мерзімінің ескере отырып, тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде кезең кезеңімен осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.