«Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 388 бұйрығы

Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 388 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

3. Министрліктің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.Қ. Исмагулов) осы бұйрықты жүзеге асыру үшін өзге де шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі А. Бейсенбекұлына жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 23 шілдедегі

№ 388 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру

тәртібі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 маусымдағы № 415 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеге сәйкес әзірленді, және Республикалық бюджет комиссиясының қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) жұмыс органы болып табылады.

3. Жұмыс органының функциялары Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес Комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның хаттамалық ұсынымдарынан үзінді көшірмелерді мемлекеттік органдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізу болып табылады.

4. Материалдарды дайындау және Комиссия отырыстарын өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді Бюджеттік жоспарлау департаменті (бұдан әрі - БЖД) жүзеге асырады.

 

 

2. Комиссия отырыстарына материалдарды дайындау тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.