«Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 446 бұйрығы

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 446 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 444) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 158 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10659 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

2025 жылғы 22 қазандағы

№ 446 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.