(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ТУБЕРКУЛЕЗ...

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығы

(2015.06.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117, 161, 162, 170, 173-баптарына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасы бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 117 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7616 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі № 211-212 (27030-27031) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған)) бірлескен бұйрығының;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.