Жерасты суларын іздеу және бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 161-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 28-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жерасты суларын іздеу және бағалау жүргізу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп
және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 161-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Жерасты суларын іздеу және бағалау
қағидалары
1. Осы Жерасты суларын іздеуді және бағалауды жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 28-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жерасты суларын іздеуді және бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы кодекс) 88-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жерасты суларының кен орындары мен учаскелерін іздестіруді және бағалауды жүргізу үшін әзірленеді.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.