«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 18 тамыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 123 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 маусымдағы № 686 қаулысымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидасына сәйкес және конкурстық комиссия отырысының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 7 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 18 тамыздағы № 353 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
Маймақов Таухай Пірманұлы - Алматы көпсалалы техника-экономикалық колледжінің директоры;
Шайхутдинов Еренғайып Мәлікұлы - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры;
Мусинов Асқар Ахметұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;