Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 17 ақпандағы
№ 118 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы
ереже
1. Негізгі ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі - ҚР ҰҰ ӘДК) өңірлік қолбасшылықтардың (бұдан әрі - ӨңҚ), әскери бөлімдердің, Әскери институттың (бұдан әрі - ӘИ) лазареттері және госпитальдары жанында құрылған штаттан тыс әскери-дәрігерлік комиссиялардың ҚР ҰҰ әскери қызметшілерін әскери-дәрігерлік сараптамадан (бұдан әрі - ӘДС) өткізу мәселесі бойынша жұмысын жалпы басқаруды жүзеге асырады.
3. ӘДК-ні Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының (бұдан әрі - ҰҰБҚ) Әскери медицина басқармасы (бұдан әрі - ӘМБ) бастығының ұсынымы бойынша Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымға тағайындайтын және одан босататын бастық басқарады.
4. ӘДК-нің бастығы тікелей ҰҰБҚ ӘМБ бастығына бағынады.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы бастығының ӘДС мәселелері бойынша нұсқаулары ҚР ҰҰ ӘДК үшін міндетті болып табылады.