Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік, сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 118 бұйрығы
(2020.14.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 8-бабының 12-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйырықтың 1-қосымшасына сәйкес: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидалары;
2) осы бұйырықтың 2-қосымшасына сәйкес: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы: (Р.Ф. Жақсылықов);
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
«Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі Ішкі әскерлер әскери-дәрігерлік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 9 қазандағы № 590 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде № 8874 тіркелген. 2013 жылғы 13 қарашадағы № 314 (27588) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2013 жылғы 8 қарашадағы № 646 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде № 8942 тіркелген. 2013 жылғы 21 желтоқсандағы № 341 (27615) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.