«Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 1002 «Қармақшы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 44 Қаулысы

Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 1002 «Қармақшы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 44 Қаулысы

 

Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 1002 «Қармақшы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6899 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Қармақшы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қармақшы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қармақшы ауданының әкімі

А. Ерсултанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қызылорда облысының

жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары

басқармасы» мемлекеттік

мекемесі

 

Қармақшы ауданы әкімдігінің

2022 жылғы 26 мамырдағы

№ 44 қаулысына қосымша

 

Қармақшы ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 20 тамыздағы

№ 1002 қаулысына қосымша

 

 

Қармақшы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.