«Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 59-НҚ бұйрығы

Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 59-НҚ бұйрығы

 

«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған онлайн-жарнаманы таңбалау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат министрі

2024 жылғы 16 ақпандағы

№ 59-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Онлайн-жарнаманы таңбалау

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және және онлайн-жарнаманы таңбалау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.