«Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 338 бұйрығы

«Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 338 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларында:

6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) цифрлық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;»;

6-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«20) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;

11-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

20-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.