«Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 403 бұйрығы (2025.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 403 бұйрығы

(2025.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Цифрлық даму,

инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2022 жылғы 12 шілдедегі

№ 403 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Өнеркәсіптік гранттар беру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының(бұдан әрі - Заң) 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік гранттар беру тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.