«Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 355-н/қ бұйрығы

Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 355-н/қ бұйрығы

 

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-1) тармақшасына және «Жылу энергетикасы туралы» Заңның 21-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

2025 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 355-н/қ бұйрығымен бекітілген

 

 

Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін

қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.