«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Білім және ғылым министрінің 2021 жыл 30 сәуір № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 19 бұйрығы

 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Білім және ғылым министрінің 2021 жыл 30 сәуір № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 19 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 200 бұйрығына (№ 22675 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2021-2023 жылдарға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

 

А. Аймагамбетов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2022 жылғы 18 қаңтардағы

№ 19 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2021 жылғы 30 сәуірдегі

№ 200 бұйрығына

1-қосымша

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.