«Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 14 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 133 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарда:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 225-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады: