(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ...

Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Заңы «Азаматтық қорғау туралы» 12-бабының 37-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи

ресурстар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

2023 жылғы 29 мамырдағы

№ 281 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.