«Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 585-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 211-Ө бұйрығы
1. «Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 585-Ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 229) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».