Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 585 ө бұйрығы
(2026.05.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.22.09. № 211-Ө бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 229) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар және олардың мамандандырылған ұйымдарының материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормалары бекітілсін.