«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 355 бұйрығы

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 355 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10279 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

«Үздік педагог» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2022 жылғы 9 тамыздағы

№ 355 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 16 қаңтардағы

№ 12 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Үздік педагог» атағын беру

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.