«Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 633 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығы

«Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 633 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 37245 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысанын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.