Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 633 бұйрығы
(2026.07.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2026.20.02. № 111 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабының 3-тармағына, 82-бабының 1-тармағына және 137-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2026.20.02. № 111 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
ҚР Қаржы министрінің 2026.20.02. № 111 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (2026 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 633 бұйрығымен
бектілген
нысан
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама
| 20 ___ жылғы «_____» __________ | № ___________ |
__________________________________________________________________________________