(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕҢІЗ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН САЛУҒА НЕМЕСЕ ОРНАЛАСТЫРУҒА РҰҚС...

Осы редакция 2018 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Энергетика министрінің 2017.07.03. № 83 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 23 ақпандағы

№ 132 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.07.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

портал арқылы жүгінген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсат беру немесе уәжді түрде бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.