«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 123 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 123 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 586 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1170 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2018 жылғы 14 наурыздағы

№ 123 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 29 қарашадағы

№ 1170 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы

ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет қызметкерлері) өкілдік керек-жарағының заттарын, сондай-ақ республикалық бюджеттен дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының заттары құнының өтемақысын төлеу шарттарын айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.