Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 222 бұйрығына
6-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары
1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі