Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығы
(2025.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023.10.01. № 9 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары.