«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 5-қосымша) (2023.17.01. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 26 мамырдағы

№ 222 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

(2023.17.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

2. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023.10.01. № 9 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша аванс беру үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) көзделген құжаттарды қосымшасымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті тікелей көрсетілетін қызмет берушіге не «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтер тізбесінде белгіленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.