(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТІ ТУРАЛЫ...

2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 шешімі

(2020.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020.05.02. № 502 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.26.02. № 508 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.31.03. № 522 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 220 862 474,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 39 950 955мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 2 518 339 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 178 393 180,3 мың теңге;

2) шығындар - 227 118 258,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 38 090 352,8 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер -48 203 345 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 10 112 992,2 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу -0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 44 346 136,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 44 346 136,9 мың теңге;

қарыздар түсімі - 47 943 023 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 5 612 992,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 016 106 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.