«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Кодексі (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

5. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады.

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінен экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлемақы (алым) алынады.

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім ресімделгеннен және тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі арасындағы тараптардың экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік міндеттемелері орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім болып табылады.

6. Экспортты қолдау бойынша берілетін мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік қазынашылықта тіркелуге және есепке алынуға жатады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеменің мониторингін жүзеге асырады.

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жай-күйінің мониторингі бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

144-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындау және оның қолданылуын тоқтату негіздері

1. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің меншікті капиталынан асатын сақтандыру және кепілдік жағдайларын біржолғы іске асыру асып түскен кезде, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің сенім білдірілген өкілінің (агентінің) қорытындылары, екінші деңгейдегі банктер берген оның шоттарынан үзінді көшірмелер, сондай-ақ экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасаудың алдындағы қаржы жылы үшін аудиттелген қаржылық есептілік және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасалған кезге алынған қаржылық есептілік болған кезде экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік орындалуға жатады.

2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің меншікті капиталын шегергенде сақтандыру және кепілдік төлемдерінің жабылмаған сомасының бөлігіне ғана орындалады.

3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.

4. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру және кепілдік төлемдерін өтеу қаражаты және өзге де қаржы көздері есебінен республикалық бюджетке қайтаруға тиіс.

5. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтарудың шарттары, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері және тәртібі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арасында жасалатын экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде айқындалады.

6. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік мынадай:

1) экспортты қолдау бойынша кепілдік шартында ескертілген міндеттемелер толық орындалған;

2) оның қолданылу мерзімі өткен жағдайларда, қолданысын тоқтатады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 144-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

144-1-бап. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік

1. Қаржыландыру сомасы жеті миллиард теңгеден асатын инвестициялық жобалар бойынша кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры берген кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін оның қаражаты жеткіліксіз болған кезде жеке кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі кепілдік шартының талаптарына сəйкес кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржы жəне өзге де ұйымдар алдындағы берешегінің сомасын толық немесе ішінара өтеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің оның алдындағы міндеттемесі Қазақстан Республикасының жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі болып табылады.

Кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры кепілдік төлемдерді жүзеге асырмаған, Қазақстан Республикасының жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген, жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберіндегі кепілдіктер бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күндегі сомасы жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер берудің айрықша құқығына ие болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сəйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жəне нысан бойынша жүзеге асырады.

Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.

Тиісті қаржы жылына белгіленген, оның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін сома мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті болып табылады.

Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындауға арналған сома бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен белгіленеді.

Мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

3. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорына мынадай талаптар қойылады:

1) тиісті саланың орталық уəкілетті органының оң салалық қорытындысының болуы;

2) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органның оң экономикалық қорытындысының болуы;

3) бұрын алынған, мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу жəне оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің болмауы жəне кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

4) төлемге қабілетті болуы, таратуға жатпауы, мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;

5) кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі арнаулы қор жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алуға жүгінген кезге дейінгі соңғы бес жылдағы нақты жүзеге асырылған кепілдік төлемдерінің көлемі меншікті капитал көлемінің он бес пайызынан аспауға тиіс. Бұл ретте кепілдік төлемдер көлемі кепілдік беру шеңберінде өтелген кепілдік төлемдер сомасы шегеріле отырып көрсетіледі.

4. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органның экономикалық қорытындысы мен тиісті саланың орталық уəкілетті органының салалық қорытындысын əзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды кəсіпкерлік жөніндегі уəкілетті орган бюджетті атқару жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.

5. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Кодекстің 144-2-бабына сəйкес кепілгердің міндеттемелерін орындау кезінде жұмсайтын бюджет қаражатын кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады.

Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік бергені үшін арнаулы қордан жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлемақы (алым) алынады.

Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен ресімделгеннен жəне мемлекеттік қазынашылықта тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.

Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім тараптардың жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру, жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін, бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) мен арнаулы қор арасындағы келісім болып табылады.

6. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша берілетін мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен мемлекеттік қазынашылықта тіркелуге жəне есепке алынуға жатады.

7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемені мониторингтеуді жүзеге асырады.

Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар арнаулы қордың қаржылық жай-күйін мониторингтеу бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 144-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

144-2-бап. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындау

1. Жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры берген кепілдіктер бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік орындалуға жатады.

2. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік қаржыландыру сомасы жеті миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мақсаттарына арналған резервті жəне арнаулы қордың меншікті капиталын қалыптастыру үшін арнаулы қорға бөлінген қаражат қалдығы шегеріле отырып, кепілдік төлемдердің жабылмаған сомасының бір бөлігіне ғана орындалады.

3. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындау жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындау талаптары қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде, республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры кепілдік төлемдерін өтеу қаражаты жəне өзге де қаржы көздері есебінен республикалық бюджетке қайтаруға тиіс.

Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару шарттары, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері жəне тəртібі бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) мен кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры арасында жасалатын жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті беру туралы келісімде айқындалады.

5. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік өз қолданысын мынадай:

1) жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартында жазылған міндеттемелер толық орындалған;

2) оның қолданылу мерзімі өткен жағдайларда тоқтатады.

 

145-бап. Мемлекет кепілгерлігі

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз берушінің алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.

Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.

2. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін лимит шегінде беріледі.

Мемлекет кепілгерлігін беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

3. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін құруға ғана пайдаланылады.

4. Ұсынылатын мемлекет кепілгерлігі және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік қазынашылықта тіркелуге және есепке алынуға жатады.

5. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігі бойынша борышқа мониторингті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.

6. Кепілгерлік берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын айқындау, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

7. Мемлекет кепілгерлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде беріледі.

8. Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.

9. Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушы немесе кепілгер мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін өзінің қолданысын тоқтатады.

 

146-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы

1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыздарын қоспағанда, белгілі бір күні алынған (игерілген) және өтелмеген қарыз сомасы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы болып табылады.

2. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі және сыртқы борышы кіреді.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі борышы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі қарыздары және басқа да борыштық міндеттемелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының құрамдас бөлігі болып табылады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы қарыздары және басқа да борыштық міндеттемелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының құрамдас бөлігі болып табылады.

3. Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыздарды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуы:

1) республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін квазимемлекеттік сектор субъектілері сыртқы борышының лимиті шегінде;

2) республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесіне сәйкес;

3) инвестициялық және (немесе) инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін және сыртқы борышты басқару мақсатында жүзеге асырылады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алынған және өтелмеген сыртқы қарыздарының тіркеп-белгіленген сомасы квазимемлекеттік сектор субъектілері сыртқы борышының лимиті болып табылады, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының соңына) нақты сыртқы борышы одан аспауға тиіс.

Республикалық бюджет жобасына енгізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері сыртқы борышының лимитін және сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін айқындауды осы Кодекстің 47-бабының 3-тармағында көзделген оларды әдіснамалық қамтамасыз ету шеңберінде, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш саласында бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тізбеге енгізілмеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуына жол берілмейді.

4. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздарын тіркеуді және есепке алуды осы ұйымдар дербес жүзеге асырады.

5. Квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес қарыз алу жобалары мен мақсаттары бөлінісінде сыртқы және ішкі борыш құрылымы туралы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсетуді қамтамасыз етеді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеуді және бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мониторинг нәтижелерін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

6. Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

 

147-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер - жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша белгілі бір күнге мемлекеттік әріптес, концедент қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша мемлекеттік әріптестің, концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылдайтын мемлекеттік міндеттемелердің көлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі мен тиісті жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиттерімен шектеледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиттері республикалық бюджет туралы заңда бекітіледі.

Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиттерін айқындау әдістемесін бекітеді.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер тиісті бюджет комиссиясының шешіміне немесе мәслихаттың шешіміне, сондай-ақ ерекше маңызы бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде ғана әрбір жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша тіркелуге жатады.

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

5. Мемлекеттік қазынашылық бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асырады.

6. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингін жүзеге асырады.

7. Мемлекеттік қазынашылық пен мемлекеттік қазынашылық органдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есептерді қалыптастырады және оларды осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялауды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің мемлекеттік-жекешелік әріптестігі жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер бойынша жауап бермейді.

9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларға қатысты мемлекеттік міндеттемелер толық төленген кезде орындалды деп есептеледі.

 

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 147-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

147-1-бап. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер

1. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер - «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне тапсырыс берушінің және өнім берушінің бюджеттен бөлінген сома бойынша, Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша қабылдайтын мемлекеттік міндеттемелердің көлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің және тиісті жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерімен шектеледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

3. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттарға қол қою арқылы жүзеге асырылады.

«Толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.

«Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер «толық бітіріп берілетін» әрбір жеке құрылыс жобасы бойынша шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде ғана тіркелуге жатады және олар тиісті бюджет комиссиясының шешіміне немесе мәслихаттың шешіміне сәйкес мемлекет міндеттемелерін ұлғайту жағына қарай қайта қаралмайды.

«Толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарт сомасы мемлекеттің міндеттемелерін ұлғайту жағына қарай қайта қаралмайды.

4. Мемлекеттік қазынашылық бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асырады.

5. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік қазынашылық және мемлекеттік қазынашылық органдары «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есептерді қалыптастырады және оларды осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялауды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер толық төленген кезде орындалған болып есептеледі.

 

 

29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

 

148-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобалар туралы жалпы ережелер

1. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік органдардың немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму және (немесе) іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Даму жоспарларын әзірлемейтін мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын жоспарлау Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын орындау және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бюджеттік инвестициялар;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары;

3) мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздар есебінен квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын жобалар;

4) осы Кодекстің 59-бабының 3-тармағына сәйкес бюджеттен тыс қор, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен іске асырылатын жобалар;

5) бюджеттік кредиттеу;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)