Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну үшін бюджеттік саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысын және тиісті саладағы орталық уәкілетті органының салалық қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 52 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 144-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысы мен тиісті саланың орталық уәкілетті органының салалық қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 22 мамырдағы
№ 52 бұйрықпен бекітілген
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысы мен тиісті саланың орталық уәкілетті органының салалық қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын
талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер