Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 61 Жарлығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-2 және 54-баптарын іске асыру мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қызметкерлердің қызметін бағалау, разрядтар беру шарттары мен ережелерінің қағидалары;
2) Тәртіптік теріс қылықтардың ауырлығын бағалау жүйесі және тәртіптік жауаптылықты қалыптастыру (тәртіптік тәжірибеде профилактикалық функцияларды күшейту) қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2016 жылғы наурыздың 16-ы.
№ 211
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 16 наурыздағы
№ 211 Жарлығымен
бекітілген
Қызметкерлердің қызметін бағалау, разрядтар беру шарттары мен ережелерінің
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қызметкерлердің қызметін бағалау, разрядтар беру шарттары мен ережелерінің қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 46-2-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) қызметін бағалаудың тәртібін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне лауазымы бойынша разрядтар берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қызметкерлердің қызметін бағалаудың тәртібі
2. Қызметкерлердің қызметін бағалауды олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін қызметкердің тікелей басшысы жүргізеді.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.