2015 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша ветеринариялық іс шаралардың жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 5 ақпандағы № 16-04/83 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 2015 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.