«Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің м.а. 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 271 бұйрығы
Кадрлық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен (Ғ.С. Нығыметов) бірлесе отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу үшін Тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысын өткізуді ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым Министрінің м.а.
2016 жылғы 13 сәуірдегі
№ 271 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 456 бұйрығымен
бекітілген
Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы