«Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 252/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 319/8 Қаулысы (күші жойылды)

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 252/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 319/8 Қаулысы

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 252/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелді, 2015 жылғы 9 қазанда «Регион.kz» газетінде жарияланды) келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіосы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Б. Бақауов

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2016 жылғы 21 қазандағы

№ 319/8 қаулысына

қосымша

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 27 тамыздағы

№ 252/8 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.